Текст
2023 жылғы 5-6 маусымда Хромтау қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен тау-кен металлургия саласы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында республикалық кәсіптік шеберлік байқауы басталды.
Байқаудың мақсаты: тау-кен металлургия саласындағы ТжКБ ұйымдарының дарынды, шығармашыл педагогтарын анықтау және қолдау.
Ақмола облысынан байқауға Тау-кен техникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушылары Молдекенова Толкын Сагидуллаевна және Дәуірбек Қайролла қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Толкын Сагидуллаевна 1-ші, Дәуірбек Қайролла 2-ші жүлделі орынға ие болды.
Әріптестерімізді лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!