«Егер тілдер достасса, адамдар да достасады»
Тау-кен техникалық колледжінде тілдер күніне арналған "Менің досым- менің тілім " әдебиет сағатын оқытушы Г.М. Шарипова және колледж кітапханашысы Н. И. Аболенская «Егер тілдер достасса, адамдар да достасады» ақпараттық сағатын өткізді.
Педагогтер студенттермен еліміздің әрбір азаматының ана тілін қолдануға, сондай-ақ қарым-қатынаста, тәрбиеде, оқытуда және шығармашылықта тілді таңдауға құқығы бар екені туралы әңгіме жүргізді.
Балалар мақал-мәтелдерге арналған викториналық сұрақтарға жауап берді, тіл туралы аңыздарды тыңдады.
Қорытынды сөзінде кітапханашы балаларды өз Отанын, туған жерін сүюге және тілдерді меңгеруге шақырды.
Кітапханада "Тіл байлығы - ой байлығы"атты қызықты кітап көрмесі ұйымдастырылды.