Текст
Тау-кен техникалық колледжінде 7 қыркүйек күні Қазақстан халқының тілдері күніне арналған "Тілім менің-тірлігімнің айғағы" атты танымдық сабақ өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Даниярова Ләззат Оразалиева сабақты өткізу үшін пайдалы материал дайындады.
Студенттер үлкен қызығушылық танытып, сұрақтарға жауап беріп, тілдер туралы көп әңгімелесті.
"Бағдарламалық қамтамасыз ету"мамандығының ПО-1-1 тобының студенттері қазақ тілі бойынша жоғары білім деңгейін көрсетті, тіпті кейбір студенттер бірнеше тілді меңгерген екен. Сабақ студенттерге ұнағаны сонша, олар оқытушыға қызықты сабақ үшін алғыстарын білдірді.