"Қонақ дәрісін" өткізген Ақсу-2 жобасының металлургиялық лабораторияның аға зертханашысы Әбжан.Қ.Н. ашық сабақ барысында алған өз әсерімен,ойымен былай деп бөлісті:Студенттердің өндіріс саласына деген қызығушылықтары жоғары. Пайдалы қазбаларды байытуда қолданылатын заманауи технологияларды меңгеру барысында дәрісті мұқият тыңдап, белсене қатысты. Студенттер сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы, тақырыпты терең меңгергендерін көрсетті. Өндіріс саласында қызмет етіп жүрген инженерлердің өз тәжірибесімен бөлісуі кезінде білім алушылардың мамандыққа деген сүйіспеншілігінің арта түсетіні қуантты! Болашақ өндіріс саласының білікті де білімді мамандарын даярлауда танымдық дәрістердің рөлі зор. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, өз жемісін береді деген үміттемін!"
/public/files/2023/10/31/311023_161405_whatsapp-video-2023-10-31-at-160038.mp4