«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»
республикалық ақпараттық науқанының басталуы туралы
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
2023 жылғы 8-20 қараша аралығында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық акциясы өткізеді.
Акцияның мақсаты: балаларға қатыгездік пен немқұрайлылық мәселесіне қоғамның назарын аудару.
Акция аясында республика өңірлерінде баспасөз конференциялары, онлайн-семинарлар, ҮЕҰ өкілдерімен сараптамалық кездесулер, оқу орындарында сынып сағаттары, рейдтік іс-шаралар және т. б. өткізілетін болады.
Республикалық және жергілікті телеарналарда бейнесюжеттерді көрсету жоспарлануда, зорлық-зомбылық және қатыгездік мәселесі бойынша парақшалар, буклеттер, плакаттар таратылды.
Науқанның мақсатты тобы: ата-аналар, балалар, жастар, мемлекеттік құрылымдардың, құқық қорғау органдарының өкілдері, ҮЕҰ өкілдері, сондай-ақ БАҚ.