Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

Біз соц.желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

10.11.2023
«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»
 
 Балалық шақты қорғау – Қазақстанның ұлттық идеясы. 
  «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны аясында Степногорск қаласының Жоғары колледжінің жатақханасында 4 спорт түрінен дәстүрлі жатақхана біріншілігі басталды. Өз денсаулығы үшін жауапкершілікті қалыптастыру және салауатты өмір салтын ұстану мақсатында мұндай жарыстар бірнеше жылдан бері өткізіліп келеді. Біз бұл дәстүрді қолдаймыз, өйткені дені сау ұлт – еліміздің басты байлығы. 
Үш колледждің студенттері үстел теннисінен жатақхана біріншілігінің алғашқы кезеңіне белсенді қатысты. Теннис – бұл динамиканың, реакцияның, ұстамдылық пен ақыл-ойдың араласуы. Теннис ойыны тез шешім қабылдауға үйретеді, ойынға және жылдамдыққа төзімділікті, қимылдарды үйлестіруді дамытады.  
Жарыс қорытындысы бойынша грамоталар мен медальдар келесі ретте бөлінді:
     Қыздар:
1 орын – Гоменюк Александра
2 орын – Аристанбекова Альбина 
3 орын – Маломужева Элизабет
    Ұлдар:
1 орын – Мухамет Қанағат 
2 орын – Елисеев Максим
3 орын – Айтмұхан Нұрдәулет
     Жеңіске деген жігерлігі үшін Касилин Жәнібек, Еслям Тамерлан,   Сафронов Максим  жүлделер алды. 
     Спорт күш беретіні белгілі. Күш сенімділік береді. Ал сенімділік  сені табысты етеді! 
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!
Деніңіз сау болсын!!!
Спорт секторы: Качальский Ринат
Тәрбиеші Шило О. М.

Просмотров: 258


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст