Текст
«Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» республикалық акциясы аясында Степногорск қаласы ПБ ӘЗЗҚБ ЖҚПБ аға инспекторы, полиция майоры М.Е.Жолмағанбетова Тау-кен техникалық колледжінің студенттері арасында дәріс өткізді. Студенттер назарына ҚР Әкімшілік және Қылмыстық кодексінің баптары туралы ақпарат жеткізілді, адамның денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін жағдайларда мінез-құлық ережелері мен ұсыныстары берілді.