Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

Біз соц.желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жұмыс берушілер күні

20.12.2023

          Тау-кен техникалық колледжінде маңызды  оқиға – «Жұмыс берушілер күні» өтті.  Іс-шара еңбек нарығының қазіргі заманғы талаптарына жауап беретін мамандарды даярлау бойынша дуальды оқыту шеңберінде оқу орнының және  жұмыс беруші – әлеуметтік серіктестердің  өзара қарым-қатынасының көрмесі болды.

         Колледжде  қонақтарды қабылдай біледі. Жұмыс берушілер күні оқу орны   әлеуетінің жарқын әсерлерімен ғана емес, сонымен қатар бітіруші курс студенттерінің шеберлік сабақтарымен, бос орындар жәрмеңкесімен, жұмыс берушілердің колледж студенттерімен  өткізген диалог алаңымен ерекшеленді. Диалог алаңында өндіріс шеберлері болашақ мамандарға өз кәсіпорындары, жұмыс жағдайлары, ішкі тәртіп ережелері туралы айтып берді, колледждің педагогикалық ұжымына лайықты кадрлар дайындығы үшін алғыстарын білдірді. «Степногорск Энерготранзит» ЖШС  колледж түлектері Дик Валерияны, Кабыкен Мадиярды,  «Энергокешен» ЖШСРогова Викторияны, «Степногорск тау-кен химиялық комбинаты»  ЖШС  – Дылейко Александрды жақсы жағынан атап өтті. Бұл жайт колледж ұжымының және оның жоғары кәсіби деңгейін тануды, сондай-ақ тау-кен және энергетика саласындағы беделін көрсетеді.          

            «Жұмыс берушілер күні» біздің студенттерге болашақта олардың кәсіби өмірінің бір бөлігі бола алатын кәсіпорындармен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.

         Мереке колледж басшысы Елена Викторовна Тарасованың әлеуметтік  серіктестерге  алғыс хаттар  табыстаумен, жақсы көңіл-күйде аяқталды.

/public/files/2023/12/20/201223_151602_whatsapp-video-2023-12-20-at-145058.mp4

Просмотров: 2577


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст