"Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі туралы
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
1) ТжКБ ұйымының кеңсесі
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "коммерциялық емес акционерлік қоғамы
3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz
1) ұйым басшысының атына көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің өтініші (көрсетілетін қызметті алушының нотариалды куәландырылған сенімхаты);
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат
3) білім туралы құжат бүлінген кезде білім туралы құжаттың түпнұсқасы қоса беріледі. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және электрондық цифрлық қолтаңбасы жоқ жеке тұлғалар білім туралы құжаттардың телнұсқасын алу үшін білім беру ұйымына өз бетінше жүгінуі қажет.
Телнұсқа тегін негізде беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 15 жұмыс күні
Білім беру ұйымы таратылған жағдайда жеке тұлғалар білім беру ұйымының орналасқан жері бойынша мұрағатқа жүгінеді. Мемлекеттiк мұрағаттар мен олардың филиалдары, ведомстволық және жеке мұрағаттар берген көшiрмелер мен үзiндiлер түпнұсқалардың заңды күшi бар ресми құжаттар болып табылады.
Құжаттардың телнұсқалары телнұсқа беру туралы шешім қабылданған сәтте қолданыстағы үлгідегі бланкілерде беріледі және білім беру ұйымының басшысы, оқу жұмысы жөніндегі орынбасары қол қояды.