«Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте», - деді белгілі қазақ ақыны, Қазақстанның Халық жазушысы Қадыр Мырза Али. Ақын жырлағандай әр ұлт өз тілін біліп, құрметтеп қастерлеу қажет. Сол себепті Қазақстанда тілдер күні тойланады.
Бастапқыда бұл мереке 22 қыркүйекте, ал "Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына сәйкес мереке 5 қыркүйекке – қазақ ағартушысы және ғалымы Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне бекітілді.
Бұл айтулы күннің көрнекті ақын, аудармашы, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туған күнімен сәйкес келуі-оның жеке басына деген құрмет. А. Байтұрсынов бүкіл өмірін туған халқының тағдыры мен тілі үшін күреске арнап, ұрпақтарына қазақ әліпбиін, графикасын, құрылымы мен орфографиясын жазып, мұра етіп қалдырды.
Бұл атаулы күні барлық мекемелерде, білім ордаларында әр тақырыпта іс шаралар өтіледі. Степногорск қаласы, Тау – кен техникалық колледжінің ұстаздары да осы мерекенің ашылуына орай өз білім ордасында «Қазақстан халқы тілдерінің күні» тақырыбында іс шаралар өткізді. Іс шаралар әр тақырыпты қамтыды және өтілу түріде бірнеше әдіс тәсілді қолдану арқылы өтті. Студенттер іс шараға белсене ат салысты.