Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

Біз соц.желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құттықтаймыз мейрамыңмен қария! Ақылы теңіз дария. Еңбегіңді еш етпейтін өмірде Ел-жұртыңа, ұл мен қызға жария!

01.10.2024

Бұл күні жастар егде жастағы адамдарға құрмет көрсетеді. Бұл күннің екінші атауы – мейірімділік пен құрмет күні. Айта кететін жайт, мерекенің тіпті өз логотипі бар екен. Ол - ашық алақан, яғни мейірімділік пен көмек нышанын білдіреді.  Қазанның бірінші күні бүкіл әлемде әжелер мен аталарға, аналар мен әкелерге оларды қаншалықты жақсы көретіндерін айту үшін қоңырау шалу, хат жазу әдетке айналған.  Қарттар күнін өткізудің мақсаты – қарттардың мәселелері мен қиындықтарына назар аудару  және ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту. 
  Мереке қарсаңында жатақханада тұратын колледж студенттері жүрегіне қымбат адамдарды, яғни дана аға буынды құттықтады. Балалар олардың  бізге жеткізген өмірлік тәжірибелері үшін, жүректерін жылытқан мейірімдері үшін алғыс айтты. Біздің ата-әжелеріміз – әр үйдің қазынасы. Әрбір отбасы аға буынның мейірімі мен махаббатын жадында сақтайды.
Біздің асыл қарияларымызға деген құрметі мен алғыс сөздерін жатақхана кеңесінің президенті Гоменюк Александра келесі өлең шумақтарымен жеткізеді:
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған 
Зейнет емес бейнеттен арылмаған 
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі 
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.


Жатақхана кеңесі 
Тәрбиеші Шило О. М.

Просмотров: 914


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст