2018 жылы мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» МКҚК-ң қызметі туралы
ЕСЕБІ
Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының әрбір азаматына білім беру саласында қызметтерді уақытылы және сапалы алуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес "Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі" МКҚК 2018 жылы 7 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 1 қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ("техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру") арқылы көрсетілді.
2018 жылы "Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі" МКҚК 210 Мемлекеттік қызмет көрсетілді (оның ішінде 10 қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілді), бұл 2017 жылдың кезеңімен салыстырғанда 5,8% - ға аз (223).
2018 жылы Мемлекеттік қызмет бойынша 4 негізден бас тарту берілді:
- "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау" 2 негізделген бас тарту берілді;
- "Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" 2 негізделген бас тарту берілді;
Колледж тарапынан көрсетілген қағаз жүзіндегі мемлекеттік қызметтер және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген электронды түрдегі мемлекеттік қызметтердің сапасы мен көрсетілу мерзіміне шағым түспеді. Аталған жұмыс әрқашан жете бақылауда.
Сонымен қатар, Мемлекеттік қызметтер стандартына сәйкес мемлекеттік қызметтер ақысыз негізде көрсетілетін атап өткен жөн.
2018 жылдың бойында «Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту жөніндегі шаралар», «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі»тақырыбында жиналыстар өтті. Сондай-ақ, 2018 жылы баспасөз беттерінде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру жөнінде түсіндірме іс-шарасы өтті.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы тереңірек ақпарат беру мақсатында колледж фойесінде стенд орналастырылған.
2018 жылы мемлекеттік көрсетелетін қызметтер мерзімін бұзу жайттары орын алмады.
Ұсынылатын мемлекеттік қызметтер сапасын бақылау мақсатында колледжде тұрақты түрде ішкі бақылау жүзеге асырылған, мемлекеттік қызметтердің жақсартылуы және уақытылы көрсетілуі бойынша жұмыс жүргізіледі, бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметтердің сапалы және қолжетімді көрсетілуінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін
қызметтерге жауапты С.Г.Старун