Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

Біз соц.желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары» пәні оқытушысы

 «Электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары» мамандығы бойынша педагогтың бос лауазымына орналасуға

Конкурс

 

(ҚР Білім және ғылым министрінің 2021ж.11.19  № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021ж.11.22 № 432 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығы негізінде)

 

1) Білім беру ұйымының атауы:

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

 

Мекенжайы: Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 4 шағынаудан, 47 ғимарат

тел./факс:     8(71645)61343.

E-mail:           stepn_gtk92@bk.ru

 

2) 2023-2024 оқу жылына бос орын:

«Электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары» мамандығы бойынша педагогтың бос лауазымына  

Негізгі функционалдық міндеттері:

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады;

білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді;

оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;

білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;

білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді.

 

Еңбекақы мөлшері мен шарттары: ЛА - 155734 теңгеден 187943 теңгеге дейін (1 ставкаға), сондай-ақ кабинет меңгерушісі, топ жетекшілігі, дәптерлерді тексеру үшін  және педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер санаттары үшін қосымша ақылар белгіленеді.

Ескерту: жалақы жұмыс өтілі мен сағат санына байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін.

 

3) Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;

педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

басқарудың инновациялық әдістері;

педагогикалық этиканың негізгі нормалары;

экономика негіздері, еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.

 

4) Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023 жылғы 11 тамыздан бастап 18 тамызға дейін

5) Қажетті құжаттар тізбесі:

1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш (1-қосымша);

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) денсаулық жағдайы туралы анықтама (санитарлық кітапша);

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы

 (2-қосымша);

11) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

 

6) Педагогтің уақытша бос лауазымының мерзімі: педагогтің бос лауазымына.

 

 

ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

 

___________________________________

      (үміткердің Т.А.Ә. (бар болса)), ЖСН

      _______________________________________________________________

      (лауазымы, жұмыс орны)

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Нақты тұрғылықты жері, тіркелген мекен-жайы, байланыс телефоны

Өтініш

      Мені бос/уақытша бос лауазымдық конкурсқа қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын

      (қажетінің астын сызыңыз)

      _______________________________________________________________

      білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қалаауыл)

      Қазіргі уақытта жұмыс істеймін

      _______________________________________________________________

      білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қалаауыл)

      Өзім туралы келесіні хабарлаймын:

      Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейін

Оқу орнының атауы

Оқыту кезеңі

     Диплом бойынша мамандық

   

 

      Біліктілік санатының болуы (беру (растау) күні):

      _____________________________________________________________

      Педагогикалық жұмыс өтілі: ____________________________________

      Келесі жұмыс нәтижелері бар:___________________________________

      Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса)

      ____________________________________________________________

Жаңартылған күні: 11.08.2023 14:15
Құрылған күні: 11.08.2023 14:15

Текст