Құрметті түлектер, Тау-кен техникалық колледжі сіздерге тау-кен өнеркәсібіндегі сұранысқа ие мамандықтардың бірі "Маркшейдерлік ісі" мамандығын ұсынады.
Маркшейдер – кен орындарын барлау және пайдалы қазбаларды өндіру саласында жұмыс істейтін маман. Маркшейдерлердің міндеттері:
- тау-кен қазбаларының, құрылыстардың, трассалардың және басқа да объектілердің жобаларын жергілікті жердің жағдайына байланыстыру және оларды жаратылысқа көшіру.
- жергілікті жерде нүктелерді ұзақ мерзімді және уақытша белгілермен бекіту,
- жұмыс жобасына сәйкес нүктелердің жоспарлы координаттары мен биіктіктерін анықтау.
- тау-кен қазбаларын үңгілеуді бақылау үшін өлшеу,
- жобалық қималарды, еңістер мен өлшемдерді сақтау.
- жер бетіндегі топографиялық түсірілім, өлшеу материалдарын камералдық өңдеу.
- геодезиялық құжаттамаларды жүргізу, маркшейдерлік жұмыстардың мәтіндік, кестелік және графикалық материалдарын дайындау.
Бұл мамандық қазіргі уақытта өзекті, сондықтан сапалы білім алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
Табысты мансапқа қадам жасаңыз!