30.01.2026
«Оқу аймағы» бастауыш партия ұйымында төрағасы Тарасова Елена Викторовнаның басшылығымен колледж ұжымымен кездесу өтті. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын іске асыру аясында ұйымдастырылды және тақырыбы: «Жасанды интеллект — Қазақстанның болашағына қосатын үлес».
Іс-шараның мақсаты — әрбір азаматтың мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуіне қосатын үлесінің маңыздылығын атап өту, сондай-ақ білім беру жүйесіндегі заманауи цифрлық технологиялардың рөлін талқылау.
Кездесу барысында колледждің инженер-педагогикалық ұжымы жасанды интеллект бойынша курстардан сәтті өтіп жатқаны, заманауи цифрлық құралдарды белсенді меңгеріп, білім беру процесіне ЖИ технологияларын енгізіп жатқаны атап өтілді. Бұл оқу сапасын арттыруға, педагогтардың цифрлық құзыреттіліктерін дамытуға және жаңа буынның бәсекеге қабілетті мамандарын дайындауға мүмкіндік береді.
Осындай іс-шаралар инновациялық ойлауды қалыптастыруға, мемлекеттік бастамаларды қолдауға және елдің стратегиялық мақсаттарына жету жолында қоғамның бірлігін нығайтуға ықпал етеді.
Қазақстанның болашағы — білімде, технологияларда және белсенді азаматтық ұстанымда!


