30.01.2026
Тәжірибелік жұмыс барысынан.
ОПИ-3-1 тобы. КМ. 5. «Алтын құрамды кендер мен концентраттарды дайындау және байыту технологиялық процестері»
ОН 5.4. «Алтын құрамды кендер мен концентраттарды байыту технологиялық процесін регламентке сәйкес басқару.» модулі аясында ОПИ-3-1 тобының студенттері тәжірибелік жұмыс барысында жоғары белсенділік танытты.
Сабақ тақырыбы:Флотациялық машинаның және Кнельсон концентраторының жұмысын талдау және салыстыру
Тәжірибе барысында студенттер:
✔️ флотациялық машинаның жұмыс принципін зерттеді;
✔️ Кнельсон концентраторында еркін алтынды бөлу үдерісін талдады;
✔️ екі жабдықтың артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырды;
✔️ гравитация-флотациялық схеманың тиімділігін түсіндірді.
Лабораториялық жұмыс студенттердің технологиялық процесті регламентке сай басқару, талдау және салыстыру дағдыларын қалыптастырды.
Тәжірибелік жұмыс арнайы пәндер мұғалімі Молдекенова Т. С. жетекшілігімен өтті.
Видеода: ОПИ-3-1 тобының студенттерінің флотациялық машина мен Кнельсон концентраторындағы жұмыс барысы.