«Электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша педагогтың бос лауазымына орналасуға
Конкурс
(ҚР Білім және ғылым министрінің 2021ж.11.19 № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021ж.11.22 № 432 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығы негізінде)
1) Білім беру ұйымының атауы:
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Мекенжайы: Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 4 шағынаудан, 47 ғимарат
тел./факс: 8(71645) 75371.
E-mail: stepn_gtk92@bk.ru
2) 2024-2025 оқу жылына бос орын:
«Электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша педагогтың бос лауазымына
Негізгі функционалдық міндеттері:
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады;
білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді;
оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;
білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді.
Еңбекақы мөлшері мен шарттары: ЛА - 155734 теңгеден 187943 теңгеге дейін (1 ставкаға), сондай-ақ кабинет меңгерушісі, топ жетекшілігі, дәптерлерді тексеру үшін және педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер санаттары үшін қосымша ақылар белгіленеді.
Ескерту: жалақы жұмыс өтілі мен сағат санына байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін.
3) Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;
педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
басқарудың инновациялық әдістері;
педагогикалық этиканың негізгі нормалары;
экономика негіздері, еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.
4) Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2024 жылғы 4 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 12 қыркүйекке дейін
5) Қажетті құжаттар тізбесі:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш (1-қосымша);
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) денсаулық жағдайы туралы анықтама (санитарлық кітапша);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы
(2-қосымша);
11) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
6) Педагогтің бос лауазымының мерзімі: педагогтың бос лауазымына.
ӨТІНІШ ҮЛГІСІ
___________________________________
(үміткердің Т.А.Ә. (бар болса)), ЖСН
_______________________________________________________________
(лауазымы, жұмыс орны)
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Нақты тұрғылықты жері, тіркелген мекен-жайы, байланыс телефоны
Өтініш
Мені бос/уақытша бос лауазымдық конкурсқа қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын
(қажетінің астын сызыңыз)
_______________________________________________________________
білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала\ауыл)
Қазіргі уақытта жұмыс істеймін
_______________________________________________________________
білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала\ауыл)
Өзім туралы келесіні хабарлаймын:
Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейін
Оқу орнының атауы |
Оқыту кезеңі |
Диплом бойынша мамандық |
|
Біліктілік санатының болуы (беру (растау) күні):
_____________________________________________________________
Педагогикалық жұмыс өтілі: ____________________________________
Келесі жұмыс нәтижелері бар:___________________________________
Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса)
____________________________________________________________