«Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша педагогтың бос лауазымына орналасуға
Конкурс
(ҚР Білім және ғылым министрінің 2021ж.11.19 № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021ж.11.22 № 432 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығы негізінде)
1) Білім беру ұйымының атауы:
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Степногорск қаласы, Тау-кен техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Мекенжайы: Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 4 шағынаудан, 47 ғимарат
тел./факс: 8(71645)75371.
E-mail: stepn_gtk92@bk.ru
2) 2024-2025 оқу жылына бос орын:
«Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша педагогтың бос лауазымына
Негізгі функционалдық міндеттері:
- өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-өндірістік жұмыстарды жүргізеді;
- жабдықтар мен сабаққа қажетті заттарды дайындайды, материалдық базаны жетілдіреді;
- еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, білім алушылардың озық еңбек әдістерін, заманауи техника мен өндіріс технологиясын меңгеруін, жабдыққа қызмет көрсетуді және пайдалануды, материалдық және энергетикалық ресурстарды ұқыпты жұмсауды қамтамасыз етеді;
- білім алушыларды біліктілік жұмыстарын орындауға және біліктілік емтихандарын тапсыруға дайындайды;
- өндірістік оқытуды жоспарлау, есепке алу және есеп беру, кәсіптік практика, топтағы тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу жөніндегі құжаттаманы жүргізеді;
- білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттардың міндетті тізбесін жүргізеді;
- оқу шеберханаларын жабдықтармен және құралдармен, материалдармен, қосалқы бөлшектермен және оқыту құралдарымен уақтылы қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;
- технологиялық құжаттаманы, сызбаларды, эскиздерді, эталондарды дайындайды;
- оқу процесінде ғылыми-әдістемелік ұсынымдарды, озық педагогикалық және өндірістік тәжірибені пайдаланады;
- білім алушылардың еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария жөніндегі талаптардың сақталуын бақылайды;
- қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалар жүргізеді. Әдістемелік комиссиялардың, бірлестіктердің жұмысына қатысады.
Еңбекақы мөлшері мен шарттары: ЛА - 155734 теңгеден 187943 теңгеге дейін (1 ставкаға), сондай-ақ кабинет меңгерушісі, топ жетекшілігі, дәптерлерді тексеру үшін және педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер санаттары үшін қосымша ақылар белгіленеді.
Ескерту: жалақы жұмыс өтілі мен сағат санына байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін.
3) Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;
педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
басқарудың инновациялық әдістері;
педагогикалық этиканың негізгі нормалары;
экономика негіздері, еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.
4) Құжаттарды қабылдау мерзімі:2024 жылғы 4 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 12 қыркүйекке дейін
5) Қажетті құжаттар тізбесі:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш (1-қосымша);
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) денсаулық жағдайы туралы анықтама (санитарлық кітапша);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы
(2-қосымша);
11) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
6) Педагогтің бос лауазымының мерзімі: педагогтің бос лауазымына.
ӨТІНІШ ҮЛГІСІ
___________________________________
(үміткердің Т.А.Ә. (бар болса)), ЖСН
_______________________________________________________________
(лауазымы, жұмыс орны)
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Нақты тұрғылықты жері, тіркелген мекен-жайы, байланыс телефоны
Өтініш
Мені бос/уақытша бос лауазымдық конкурсқа қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын
(қажетінің астын сызыңыз)
_______________________________________________________________
білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала\ауыл)
Қазіргі уақытта жұмыс істеймін
_______________________________________________________________
білім беру ұйымының атауы, мекен-жайы (облыс, аудан, қала\ауыл)
Өзім туралы келесіні хабарлаймын:
Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейін
Оқу орнының атауы |
Оқыту кезеңі |
Диплом бойынша мамандық |
|
Біліктілік санатының болуы (беру (растау) күні):
_____________________________________________________________
Педагогикалық жұмыс өтілі: ____________________________________
Келесі жұмыс нәтижелері бар:___________________________________
Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтер (бар болса)
____________________________________________________________