Текст
06.02.2026
Бүгін Степногорск қаласының жоғары колледжінің студенттері "Конституция — тұрақтылықтың кепілі"тақырыбында құқықтық диктант жазуға қатысты. Бұл іс-шара жастардың құқықтық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігін қалыптастырудағы маңызды қадам болды. Тапсырмаларды орындау барысында қатысушылар қызығушылықтарын, белсенді азаматтық ұстанымдарын және құқықтық нормаларды саналы түрде түсінуге ұмтылыстарын көрсетті. Мұндай бастамалар құқықтық ойлауды дамытуға ықпал етеді, Заңға деген құрметті нығайтады және өз елінің болашағы үшін жауапкершілік сезімін қалыптастырады.

