ТТК "Тау-кен техникалық колледжі, Степногорск қаласы
ТТК "Тау-кен техникалық колледжі, Степногорск қаласы

Кәсіби бағыттағы танымдық экскурсия.

16.10.2025

Кәсіби бағыттағы танымдық экскурсия.
"Пайдалы қазбаларды байыту" мамандығының 1-курс студенттері арнайы пәндер оқытушысы Молдекенова Толқын Сағидуллақызының жетекшілігімен «Степногорск Тау-Кен Химиялық Комбинаты» ЖШС-не танымдық экскурсияға барды.
Экскурсия барысында студенттер комбинаттың "өндірістік қауіпсіздік ережелерімен" жан-жақты танысып, сол талаптарды сақтай отырып, зауыттың технологиялық процестерімен танысу мүмкіндігіне ие болды.
Болашақ мамандар дайындау (ұсақтау, ұнтақтау) және флотациялық байыту бөлімшелерінің жұмыс барысын, қолданылатын жабдықтарды өз көздерімен көріп, өндірістік ортадағы нақты жағдайларды бақылап, өздерін қызықтырған сұрақтарына комбинаттың жетекші технологынан толыққанды жауап алды.
Бұл экскурсия студенттердің кәсіби көзқарасын кеңейтіп, өз мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттырды.
Біз «Степногорск Тау-Кен Химиялық Комбинаты» ұжымына жылы қабылдауы мен пайдалы тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасағаны үшін алғысымызды білдіреміз!
Болашақта өзара ынтымақтастықты нығайтып, бірлескен жұмыстың оң нәтижелер беретініне сенім білдіреміз.

Просмотров: 779


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст