ТТК "Тау-кен техникалық колледжі, Степногорск қаласы
ТТК "Тау-кен техникалық колледжі, Степногорск қаласы

«Горняк» ОМС

22.10.2025

Бүгін «Горняк» ОМС-да белсенді және мақсаты айқын жастарды біріктірген «Жастар рухы» атты жас көшбасшылардың жарқын фестивалі өтті! 
Тау-кен техникалық колледжінің студенттері  фестивальге белсенді қатысып, сертификаттармен марапатталды📚

Фестивальде шығып сөйлеген керемет спикерлер сөздерімен шабыт беріп, жастарды жігерлендірді:  
✅Миронюк Татьяна – ҚР Президенті жанындағы жастар істері жөніндегі Кеңестің мүшесі
✅Загатдулин Равиль – командалық жұмыс және шешендік өнер бойынша жаттықтырушы
✅Гомонова Александра – Ақмола облысы бойынша «Кешелек» жастар кеңесінің өкілі 
✅Шаврова Наталья – практик психолог, кәсіби медиатор
✅Жағупар Даниал – Ақмола облысындағы Esbol Qory қорының өкілі.
Әрқайсысы да  «өзін-өзі басқара алатын, тыңдай білетін, шешім қабылдай алатын және әрекет ете алатын адам — нағыз көшбасшы» бола алатынын көрсете алды🌍

👏 Барлық қатысушыларға, ұйымдастырушылар мен тәлімгерлерге  бастамаларыңыз үшін,  дамуға деген ұмтылысты ары қарай ұшқындатып, бізге күш-қуат бергеніңіз үшін алғыс айтамыз!
Болашақ –  жауапкершілікті қабылдаудан, әлемді жақсы жаққа өзгертуден қорықпайтындар  еншісінде! 💫

Просмотров: 191


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст