03.02.2026
«Адал азамат» бағдарламасы аясында бүгін Степногорск қаласының Жоғары колледжінде 4 ақпан – Интернеттегі қауіпсіздіктің бүкіләлемдік күніне арналған сынып сағаты өтті.
Цифрлық кеңістік біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды, сондықтан оны жауапты және қауіпсіз пайдалана білу – қазіргі заман адамның маңызды дағдысы. «Цифрлық әлемге қауіпсіз қадам жасаңыз» тақырыбындағы сынып сағаты мен «Адамның жеке шекарасын қорғаудың негізгі ережелері» тақырыбындағы қауіпсіздік сабағында оқушылар цифрлық мәдениет пен интернет-этиканың негізгі аспектілерін талқылады.
Ерекше назар Интернет желісіндегі сөздер мен әрекеттер үшін құқықтық жауапкершілік мәселелеріне аударылды. Студенттер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің нормаларымен танысып, қандай жарияланымдар, пікірлер және хабарламалар қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін талдады, оның ішінде:
ҚР ҚК 130 - бабы
ҚР ҚК 131-бабы
ҚР ҚК 174-бабы
ҚР ҚК 274-бабы
ҚР ҚК 402-бабы
Талқылау ашық диалог форматында өтті, онда әркім сұрақ қойып, пікір білдіріп, жеке шекараларды сақтаудың, басқаларға құрмет көрсетудің және цифрлық кеңістіктегі сөздері үшін жауапкершіліктің маңыздылығын түсінді.
Қауіпсіз интернет – өзімізден басталады!
Абай болыңыз, саналы болыңыз және цифрлық әлемге сенімді әрі қауіпсіз қадам жасаңыз!